6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТуризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчына келетін шетелдік туристерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрдің айтуынша, бұл іс-шара - оқиғалық туризмнің айқын мысалы. Бұған дейінгі ауқымды спорттық жарыстар еліміздегі инфрақұрылымның мұндай деңгейдегі оқиғаларға дайын екенін дәлелдеген. Сонымен қатар УЕФА тарапынан бөлінген арнайы квоталар да бар. Матчқа шамамен 4-5 мың шетелдік жанкүйердің келуі күтілуде.
Бүгінде біздің футбол қарқын алып келеді, инфрақұрылымымыз барлық стандарттарға сай. Ойын алаңы дайын, стадион УЕФА бағалауына сәйкес төртінші категорияға жатады. Біз спорттың адамдарды біріктіретінін, оларға үміт сыйлайтынын көрдік. Бұл әсер басқа спорт түрлеріне де ықпал етеді. Егер біз әлемдік тәжірибені қолданып, спортшыларымызға инвестиция құйып, академиялар ашсақ, халықтың рухы мен спортшыларымыздың қайсарлығының арқасында жоғары жетістіктерге жетеміз, - деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» өз алаңында аңызға айналған «Реал Мадридті» 30 қыркүйекте қабылдайды. Клубтың өзі матч билеттерінің бағасына қатысты мәлімдеме жасаған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі