Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы қаласындағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың жеке концертіне байланысты полиция қызметі қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомствоның мәліметінше, жолдағы кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы, Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылыстарында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция өкілдері сондай-ақ концерт өтетін күні стадион маңындағы аумақта көліктерді рұқсат етілмеген жерге қоюдан бас тартуға және қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес берді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді