19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қайрат Нұртастың әндері хитке айналатынына үйреніп қалғанбыз. Бірақ өнер жұлдызының туындысы бұл жолы украин тілінде танымал болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайраттың «Сені сүйем» әнін кавер орындаушы Sergiy184 украин тілінде айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Өнер иесінің туындысын Сергій Заболотний украин тіліне аударған.
Әлеуметтік желідегі видеоны көрген тыңдарман қауымның пікірі қақ жарылды: бірі Қайрат Нұртастан асырып орындау мүмкін емес десе, енді бірі бұл ән украин тілінде ерекше бояу алғанын жазып жатыр.
«Қазақтан асырып ешкім айта алмас», «Жақсы орындап шықты, бүлдіріп алған жоқ, маған ұнады», «Мына жігіт украин тілінің әсемдігін көрсетті», «Дауысы жетпей жатқан сияқты, біздің жігіт керемет айтады ғой», «Қайратты Украинада да жақсы көреді», «Қандай керемет орындау, махаббаттың гимні секілді», - деп жазып жатыр оқырмандар.
Бұл видео УouТube-те 500 мыңнан астам қаралым жинаған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары