Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үшінші турында Болгарияның «Левски» клубына қарсы өткен алғашқы матчта 0:1 есебімен жеңілді.
Кездесудің алғашқы минуттарында алаң иелері допты көбірек бақылауға алғанымен, «Қайрат» қорғанысы сенімді ойнап, қарсыласқа қауіпті мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық клуб негізінен қарымта шабуылдарға иек артты.
Матчтағы алғашқы қауіпті сәт 20-минутта тіркелді. «Левски» жартылай қорғаушысы Эль-Мехди Эль-Мубарик алыстан соққы бағыттағанымен, қақпашы Темірлан Анарбеков допты қайтарды.
Бірінші таймның ортасында бұрыштамадан кейін «Қайрат» ойыншысы Олжас Байбек пен «Левски» қорғаушысы Никола Серафимов әуе добы үшін таласта соқтығысып қалды. Дәрігерлердің көмегінен кейін қос футболшы да кездесуді жалғастырды.
Үзілістен кейін екі команда да шабуылдарын үдеткенімен, есеп ұзақ уақыт ашылмады. «Қайрат» бірнеше ойыншыны алмастырып, ойынды күшейтуге тырысты. Алайда матч тағдыры қосылған уақыттың екінші минутында шешілді.
90+2-минутта португалиялық жартылай қорғаушы Сержиньо айып алаңы сыртынан төмен бағытталған дәл соққымен Анарбековтің қақпасынан саңылау тауып, «Левскиге» жеңіс сыйлады.
Осылайша алғашқы кездесу Болгария клубының 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Қарымта матч 11 тамызда Түркістан Аренада өтеді. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда ұйымдастырылмайды, себебі бұл күндері аренада америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті жоспарланған.
Егер «Қайрат» екі матч қорытындысы бойынша «Левскиден» басым түссе, келесі кезеңде Грекияның АЕК клубымен кездеседі. Ал плей-офф кезеңіне жолдама алу қазақстандық клубтар үшін Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі тарихи жетістік болмақ.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек