Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Бельгияның «Андерлехтімен» кездеседі. Қос команда арасындағы алғашқы ойын Алматыда өтіп, Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман «Елспорт» YouTube арнасына берген сұхбатында «Қайраттың» плей-оффтағы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері негізгі кезеңге шығу мүмкіндігін арттыру үшін өз алаңындағы алғашқы кездесуде сенімді басымдық қалыптастыруы қажет.
Рафаэль мырза барын салуы керек. Егер команда Еуропа лигасында ойнағысы келсе, Алматыдағы матчта екі доп айырмасымен жеңіске жеткені дұрыс деп ойлаймын. Өйткені «Андерлехтпен» Бельгияда ойнау қиын болады. Бірақ біз жанкүйерміз, «Қайратты» қолдаймыз, жақсы көреміз. Команданың барынша алысқа барғанын қалаймыз, – деді Нұрсұлтан Құрман.
«Қайрат» биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасында бастап, алғашқы екі іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Ал үшінші кезеңде Болгарияның «Левскиіне» жол бергеннен кейін Еуропа лигасының плей-оффына түсті. «Андерлехт» болса, Еуропа лигасының іріктеуінде Швецияның «Хаммарбю» және Грекияның ПАОК клубтарын жарыстан шығарды.
Қарымта матч Бельгияда өтеді. Қос кездесудің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген ұжым Конференция лигасында өнер көрсетеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар