30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТүн ортасында қатты музыка, қабырға бұзған жөндеу жұмыстары немесе айқай-шу – көпқабатты үй тұрғындары жиі кездесетін мәселелердің бірі. Бірақ мұндай жағдайда көршімен ұрысу міндетті емес: Қазақстан заңнамасында азаматтардың тыныштығын қорғауға арналған нақты талаптар бар.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабында тыныштықты бұзуға қатысты жауапкершілік белгіленген.
Заң бойынша тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шуға жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін және демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін тыйым салынады. Бұл уақытта тұрғын үйде немесе оның сыртында шұғыл қажеттілікке байланысты емес қатты шу шығаратын жұмыстар жүргізуге болмайды. Яғни түнгі уақытта қатты музыка қосу, айқайлау, жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты әрекеттер көршілердің тыныштығын бұзса, жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Күндіз шулауға бола ма?
Бұл жерде маңызды бір нюанс бар: «күндіз кез келген уақытта қалағаныңша шулауға болады» деген түсінік дұрыс емес.
Қазақстанның Денсаулық кодексіне қатысты ресми түсіндірмеде тұрғындардың денсаулығына шудың кері әсерін азайту үшін қатты шу шығаратын жұмыстар күндіз жүргізілуі және тәулігіне 8 сағаттан аспауы керектігі көрсетілген.
Ал тұрғын үй-жайлардағы шу санитариялық нормаларда белгіленген рұқсат етілген деңгейден асып кетсе, мәселе санитариялық-эпидемиологиялық талаптар тұрғысынан да қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайда шудың деңгейін тиісті аккредитациясы бар ұйым арқылы өлшетуге болады.
Сондықтан күндізгі шуға қатысты мәселе туындаса, оның сипаты мен деңгейіне қарай құқықтық немесе санитариялық тәртіппен әрекет ету қажет.
Егер жағдай қауіп төндірмесе, бірінші қадам ретінде көршіге ескерту жасаған дұрыс. Мысалы, жөндеу жұмыстарын тоқтатуды немесе музыканың дауысын азайтуды сұрауға болады.
Бұл тәсілді Қазақстанның Электрондық үкіметі де ұсынады. Егер ауызша өтініштен кейін шу жалғаса берсе, полицияға жүгінуге болады.
Қайда хабарласуға болады?
Түнгі уақытта шу басылмаса, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласуға болады. Ұялы телефоннан 112 нөміріне де қоңырау шалуға болады.
eGov мәліметінше, полиция шақырылып, учаскелік инспектор оқиға бойынша шара қолдана алады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы бойынша мұндай істерді ішкі істер органдары қарай алады.
Полицияның ресми материалдарында да тұрғындарға шу тоқтамаса, 102-ге хабарласу, ал кей жағдайда құқық бұзушылықты бейнежазбаға тіркеу ұсынылады.
2026 жылы Қазақстанда 1 АЕК – 4 325 теңге. ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша тыныштықты бұзған жеке тұлғаға 5 АЕК – 21 625 теңге айыппұл салынады. Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде дәл сол әрекет қайталанса, айыппұл 10 АЕК – 43 250 теңге болады.
Ал кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшері бұдан жоғары: шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК, орта кәсіпкерлікке – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлікке – 100 АЕК. Қайталанған жағдайда тиісінше 40, 60 және 150 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Дәлел артық етпейді
Егер мәселе бір рет емес, тұрақты түрде қайталанатын болса, әр жағдайды тіркеп отырған жөн. Мысалы:
Ал күндізгі уақытта санитариялық нормалардың бұзылғанын дәлелдеу қажет болса, шуды аккредиттелген ұйым арқылы өлшетуге болады.
Егер жай ғана музыка немесе жөндеу жұмыстары емес, жанжал, төбелес, қорқыту, зорлық-зомбылық немесе басқа да қауі байқалса, көршімен өзіңіз дауласуға тырыспай, бірден полицияға немесе қажет болса 112-ге хабарласқан дұрыс.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды