Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДенсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктегі жұмысын неден бастайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең әуелі жұмысымызды президенттің тапсырмаларын орындаудан бастаймыз. Кеше кеңейтілген Үкімет отырысында мемлекет басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Оның нақты тапсырмасы – МӘМС жүйесі. Бүгінде медициналық сақтандыру жүйесі нақты нәтиже көрсетіп отырған жоқ. Осыған байланысты МӘМС жүйесіне сыни көзқараспен қарап, негізі жұмысын өзгерту мәселесін алдымызға қойды, - деді ол.
Министрдің айтуынша, ол күні кеше жұмысын бастап кеткен.
Бірақ тез шешім қабылдауға болмайды. Себебі халықпен жұмыс істейтін үлкен жүйе. Сондықтан мұнда асығыс жасалған шешімдер қабылданбау керек деп білемін. Оған уақыт керек, тиісті сарапшыларды сырттан да тартып жатырмыз. Себебі бүгінде қателесуге болмайды, - деді Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, бүгін Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді