Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСоңғы күндері еліміздің жолдарында болған үш бірдей қайғылы оқиға барша халықты дүр сілкіндірді. 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобустың аударылып, 10 адам көз жұмды. 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көліктің соқтығысуы тағы 10 адамның өмірін қиды - апаттың себебі қарсы бағытқа шығу болған. Қарағанды облысында да дәл осындай себеппен жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осы орайда ҚР ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады.
Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл жай ғана жол апаттары емес. Бұл - орны толмас адам шығыны, - деді ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов.
Аталған оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Барша жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жолдаймыз: жол қателікті кешірмейді! Жылдамдықты арттыру. Қарсы бағытқа шығу. Қауіпті маневр жасау. Қауіпсіздік белдігін тақпау. Мұның бәрі адам өміріне қауіп төндіретін қателіктер, - деді Ғалым Сарғұлов.
Ішкі істер министрлігі жолдағы бақылауды күшейтуде. Ауқымды тексерістер, рейдтер, қалааралық бағыттар мен жеке тасымалдаушыларға мониторинг жүргізіледі. Көліктің техникалық жағдайына және жүргізушілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді