12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚорғаныс министрлігі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер туралы жарияланымдарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтаров пен қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық ұланда орын алды және оның Қарулы күштерге қатысы жоқ.
2024 жылғы 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Досымжан Сәлімжанның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленетін болады. Қорғаныс ведомствосы да, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі, - делінген ақпаратта.
Әскери қылмыстарды тергеу барысын ҚР Бас прокуратурасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды.
Қарулы күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер