Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚатарда өткен футболдан әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтық сында құрама Франция ойыншыларымен кездесті.
Нәтижесінде матчтан кейінгі пенальти сериясында қарсыластарына тізе бүктірді.
Ойын шотын 23-ші минутта пенальтимен Лионель Месси ашып берді.
36-шы минутта Ди Мария тағы бір гол салып, жанкүйерлерін қуантты.
Ойынның екінші таймында 70-ші минутта франциялықтар қарсыласының қақпасына соққы берді. Командасының үздігі Килиан Мбаппе қатарынан екі гол соғып, есепті теңестірді.
Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды.
Экстратаймда құрамаларының беткеұстарлары Лионель Месси мен Килиан Мбаппе бір-бірден гол салып, есепті 3:3-ке жеткізді. Матчтың «тағдыры» Месси салған пенальтилермен шешіліп, 4:2 есебімен жеңіс туын желбіретті.
Айта кетерлігі, Аргентина тарихта үшінші рет Футболдан әлем чемпионатын жеңіп отыр. Бұған дейін 1978 және 1986 жылдары біріншілікте жеңіске жеткен болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді