Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Хорватия спортшыларын жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz.
Тартысты бәсеке Лусаилдағы «Лусаил Айконик» стадионында өтті. Ойын шотын пенальтимен гол соғып, Лионель Месси ашты. Одан соң мергендігімен көзге түскен Хулиан Альварес екі рет командасына ұпай сыйлады.
Аргентиналықтар 3:0 есебімен басымдық танытып, финалға өтті.
Енді Аргентина құрамасы 14 желтоқсан күні өтетін Франция-Марокко кездесуінің жеңімпазымен финалда бақ таластырады.
Айта кетерлігі, Франция мен Марокко құрамаларының ойынын Астана уақытымен сағат 1.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирінен тамашалауға болады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар