Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға Тәжікстан Презиентінің қосқан жеке үлесі туралы жоғары пікір білдірді.
Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге және Эмомали Рахмонның Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларын оң бағалады. Бұл сапарлар қазақ-тәжік қатынастарының ерекше сипатқа ие екенін көрсетті.
Бұдан бөлек, президенттер өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ трансшекаралық су көздерін пайдалану және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді