Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Тоқаев Индонезияның жаңадан сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жіберді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны Президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.
Сіздің дана басшылығыңызбен ғажап еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік даму жолында жаңа белестерді бағындырып, халықаралық аренадағы рөлін нығайта түсетініне сенімдімін. Қазақстан мен Индонезия арасында өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген жақсы қарым-қатынас орнаған. Елдеріміздің мүддесіне сай көпжақты ықпалдастықты дамыту үшін бар мүмкіндікті бірлесе пайдалануға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Индонезия Президентінің барлық бастамасы табысты жүзеге асып, халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді