Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.
Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Аустрия халқына құт-береке тіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді