30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысып, елордадағы Желілік саябақта ағаш отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.
Президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, атап айтқанда түрлі ағаш көшеттері мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекет басшысы қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды