10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент өз құттықтау жеделхатында премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Армения халқына бақ-береке тіледі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді