20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал эстрада және опера әншісі Толқын Забированың «Өмірге ғашықпын» атты мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Салтанатты кешке Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.
Президент өз құттықтауында әншіні отандық өнердің ең жарқын өкілдерінің бірі, ерекше дауыс иесі ретінде атап өтті.
Сіз әйгілі отандық және әлемдік опералық туындылар мен лирикалық әндерді шебер орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрсіз. Ерекше табиғи дарыныңыз және тынымсыз еңбегіңіз арқылы еліміздің мәдени-рухани байлығының өрісін кеңейтуге қосқан үлесіңіз өте мол. Кемел біліміңіз бен бойыңыздағы асыл қасиеттеріңізбен замандастарымыздың ортасында сый-құрметке бөленіп жүрсіз, – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.
Толқын Забирова – көркемдік талғамы мен кәсіби біліктілігі жоғары өнер иесі.
Аталмыш концертте әншінің ең үздік авторлық, заманауи және әлемдік хит әндер орындалды. Атап айтсақ, «Вечная любовь», «Adagio», «Per Amore, Per te», «Қара, маған қара», «Өмірге ғашықпын», «Сен үшін», «Бұлбұл әні», «Жүрек (Cover Show)», «Сағына беремін (Cover Show)» және басқа да туындылар шырқалды.
2024 жылы Толқын Забирова «Парасат» орденімен марапатталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?