Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында тілшілердің бірі Қашаған кен орнындағы табыстың 80 пайызы шетелдік компаниялардың қалтасына кетіп жатқанын, бұл жайтқа Үкімет неліктен бейжай қарап отырғанын сұрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1990 жылдары қол қойылған келісімдер шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз және оны бір мезетте өзгертіп жіберу мүмкін емес. Бұл елімізге зияннан басқа ештеңе әкелмейді. Бұл инвестициялық климатқа кері әсерін тигізеді. Бірақ қазір алдағы уақытқа келісімдерді бастадық. Келіссөздер шеңберінде еліміздің мүдделерін қорғайтын боламыз, - деді Бектенов.
Премьер-министр сондай-ақ болашақта жаңа келісімдер жасалған кезде ел мүддесін қорғауға басымдық берілетінін атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі қолданыстағы ӨБК (өнімді бөлісу туралы келісім) шарттарына қатысты даулы мәселелерді шешу үшін халықаралық арбитражға жүгінген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?