Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекQazaqGaz Қашаған кен орнында қуаты жылына бір миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл - Ұлттық оператор үшін газ өңдеу зауытын салудағы алғашқы тәжірибе. Себебі, аталған кен орнында күкіртсутектің көп мөлшері мен жоғары қысым бар.
Қазіргі уақытта аталған жоба графикке сәйкес іске асырылуда және Министрліктің бақылауында. Зауыт 2025 жылы пайдалануға берілуі мүмкін, - деді министр.
Министрдің айтуынша, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы ҚазГӨЗ зауытының базасында жаңа газ өңдеу зауытын салу туралы шешім қабылданды.
Зауыт 2025 жылы пайдалануға беріледі. Бүгін мердігерді таңдау үшін тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Жаңа зауыт құрылысының мақсаты ескі зауыттың апатқа ұшырауын болдырмау. Тауарлық және сұйытылған газ өндірісін айтарлықтай ұлғайту жоспарланбайды, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының базасында жаңа газ өңдеу қуаттарын салу жоспарланып отыр. Ол жылына сегіз миллиард текше метр шикі газ өңдей алатынын айтты.
Бұл ауқымды жобалар осы өңірлердің және жалпы республиканың экономикасына серпін береді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, - деді министр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?