Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭнергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашаған кен орнында мұнай төгілді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Қашаған кен орнын ғарыштан түсірілген сурет тараған еді. Суреттен кен орнындағы ерекше құбылысты байқауға болады.
Қашағандағы теңіз кешенін пайдалану кезінде мұнай төгілмеді. Қазір ақпаратты тексеріп жатырмыз. Ғарыштық бақылау суреттеріне талдау жасалды. Суреттен түсініксіз бейне байқалды, яғни бұл табиғи құбылыс ретінде көрсетіледі. Қазір барлық акваториядан су сынамалары алынуда. Әзірге мұнайдың жайылғаны расталған жоқ. Бірақ экологтар мен комиссия өз жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деді Сәтқалиев.
Министр «мамандар аймақтағы жағдайды тікұшақпен бақыламады ма?» деген сұраққа жауап бере кетті.
Әрине, Экология департаментінің мамандарына тікұшақ керек болса, біз қамтамасыз етеміз. Әзірге аймақта тексеріс жұмыстарын жүргізуге су транспорты қарастырылып отыр, - деді министр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?