Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚаржы үнемдеу – тек ақша жинақтау емес, ол дұрыс жоспарлау мен саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру. Күнделікті тұрмыста бірнеше қарапайым қағиданы ұстану арқылы әркім өз табысын тиімді басқара алады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Ең бірінші кезекте айлық табысыңыз бен шығындарыңызды жазып отырыңыз. Әр теңгенің қайда кеткенін білген адам артық шығыннан оңай құтылады.
- Дүкенге не базарға бармас бұрын қажетті заттардың тізімін жасаңыз. Бұл қажетсіз шығынды азайтады.
- Ай сайын табысыңыздың кем дегенде 10 пайызын жинақ шотына немесе «қорапқа» салып отырыңыз. Бұл күтпеген жағдайға дайын болуға көмектеседі.
- Акциялар мен арзандатуларды қадағалаңыз, бірақ тек шынымен қажет заттарды ғана алыңыз.
- Коммуналдық төлемдерді азайту да – қаржыны үнемдеудің бір жолы. Мәселен, шамдарды өшіру немесе суды бекер ағызбау айтарлықтай әсер етеді.
Ақша үнемдеудің түпкі мақсаты – өзін қауіпсіз сезіну, болашақтағы мақсаттарға жету. Саналы жоспарлау әр отбасына тұрақтылық сыйлайды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді