28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласында қаржы сауаттылығын арттырғысы келетіндерге арналған «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқырманға көмектесетін бұл нұсқаулық түсінікті әрі қарапайым тілде жазылған. Кітаптың авторлары қаржы саласының мықты мамандары – Ерқанат Әбени, Бауыржан Шурманов және Ербол Азанбек.
Авторлар кітапты жазу барысында 87 инвестициялық кітапты талдап, қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездескен, Forbes Kazakhstan өкілдерінен инвестициялау принциптері, ақшаға деген көзқарасы туралы сұрап, сонымен қатар трейдингтегі жеке тәжірибелерімен бөліскен. Бұл – қаржылық сауаттылық пен замандастарымыздың өмірінен алынған мысалдар мен тәжірибеге сүйеніп жазылған іргелі еңбек.
“Кітапты бір жылдан көп уақыт жаздық. Қазақстандықтардың көпшілігі қаржылық жағынан сауатсыз, ақшаны тез жойып қояды. Осы азаматтарға қалай жинауға болатыны туралы кеңес бердік”, - деді кітап авторларының бірі Бауыржан Шурманов.
Кітапта инвестициялаудың қарапайым тәсілдерін, ақшаны көбейтудің, қаражатыңызды жоспарлаудың және биржалық сауданың әртүрлі құралдарын таба аласыз.
Шараға Астана қаласының тұрғындары, қаржылық сауаттылық тақырыбында білім алғысы келетін көпшілік пен жастар қатысты.
“Жалпы мемлекеттік деңгейде ортақ бағдарлама қабылданып, оқытылмағаннан кейін адамдардың қаржылық сауаттылығы әртүрлі. Кейбір адамдар микрокредиттік ұйымдардан несие алып, зардап шеккеннен кейін ғана қаржылық сауатын арттырып жүр”,- деді кітап авторларының бірі Ербол Азанбек.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?