10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодарда «HAS» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар мен жетекшілеріне қатысты үкімі шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер азаматтарды түрлі инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеп, ай сайын 70%-ға дейін пассивті табыс алуға уәде берген.
Әлеуметтік желілерде жалған акциялар белсенді түрде жарияланып, оның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында тұрғын үй салу туралы ақпарат таралған. Белсенді құрылыс иллюзиясын жасау үшін декорациялар мен арнайы техника жалданған. Нәтижесінде қаржылық пирамидаға 5 мыңнан астам салымшы тіркелген, - делінген мәліметте.
Сот бес қатысушыны 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сонымен қатар зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу мақсатында салымшылардың ақшасына алынған 1 миллиардтан астам теңге құны бар мүлік тәркіленді.
Активтер қатарында – 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы ақша қаражаттары бар.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді