29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Семей орманы» резерватына биыл 6 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Үкімет кулуарында айтты.
Қаржыны игермеу барлық салада тіркеліп жатыр. Бұл жерде арнайы комиссия анықтауы керек. Жан-жақты қарауы керек. Неге игерілмеді? Неге техника жетіспеді? Себебі тек «Семей орманы» резерватының өзіне биыл 6 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған болатын. Қазір оны сараптау керек. Неге ол қаржы дер кезінде жетпеді? Қандай кемшіліктер болды? Оны комиссия анықтайды, - деді ол.
Жамаубаев қазіргі таңда орман өрті Қазақстанда ғана емес, дүниежүзіндегі ауқымды мәселе болып отырғанын айтты.
Былтыр Түркияда өрт болып, дүниежүзі көмек көрсетті. Бар мүмкіндік жасалып жатыр. Бізге неге өзге елдер көмектеспей жатыр деген сұраққа жауап бере алмаймын. Онымен құзырлы орган айналысуы керек. Шығын да өрт аяқталған соң белгілі болады. Қажет болған жағдайда, Үкіметтің резерві мен жергілікті атқарушы органдардың резерві бар, - деді Ерұлан Жамаубаев.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек