Қарызы бар кәсіпкерлерге шетелге шығуға шектеу енгізілді

Қарызы бар кәсіпкерлерге шетелге шығуға шектеу енгізілді

Көктем Қарқын
Фото: AI көмегімен жасалды

Қазақстанда 1 қазаннан бастап ірі көлемде салық берешегі бар кәсіпкерлер мен компания басшыларына шетелге шығуға уақытша шектеу қою шарасы қолданыла бастады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Жаңа талап бойынша, салық берешегі 27 мың АЕК-тен асып, қарыз үш айдан астам уақыт өтелмесе, борышкердің елден шығуына шектеу қойылуы мүмкін.

Кімдерге қатысты?

Бұл шара жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға, заңды тұлғалардың бірінші басшыларына және олардың міндетін атқарушыларға қатысты қолданылады.

Норма 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енгенімен, оны іс жүзінде қолдану қазан айында басталды. Шетелге шығуға шектеу қою үшін соттың санкциясы қажет. Ол үшін мемлекеттік кірістер органы қаулы шығарып, сотқа жолдайды. Сот мақұлдағаннан кейін құжат тиісті ақпараттық жүйе арқылы орындалады.

Салық қарызын өндіріп алу тәртібі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібі де өзгерді. Бұған дейін тәуекелдерді басқару жүйесіне қарай, 1 теңге қарыз үшін де өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін еді. Енді шаралар берешек мөлшеріне байланысты белгіленеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық қарызы 20 АЕК-тен аз болса, борышкерге хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Бұл жағдайда басқа өндіріп алу шаралары қолданылмайды.

Ал берешек 20 АЕК-тен 45 АЕК-ке дейін болса, салық төлеушіге қарызды өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Сонымен қатар банк шоттары мен кассадағы шығыс операциялары тоқтатылып, инкассалық өкімдер қойылады.

Егер қарыз 45 АЕК-тен асса, заңда көзделген барлық өндіріп алу шаралары қолданылады. Оның ішінде борышкердің мүлкін түгендеу және сату, сондай-ақ оған қарыз басқа тұлғалардан қаражат өндіріп алу бар.

Комитет бұл өзгерістер шағын көлемдегі қарыз үшін кәсіпкерлік қызметтің тоқтап қалуына жол бермеуге және ірі салық берешегін ұзақ уақыт өтемейтіндердің жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

{