22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОсы күнге орай Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басшылық құрамының, әскери қызметшілердің, бөлім ардагерлерінің және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Қатысушыларды 97617 әскери бөлімінің командирі полковник Әділ Субебаев атаулы күнмен құттықтады. Ол еліміздің әуе шебін қорғаудағы бөлім жеке құрамының рөлін ерекше атап өтті.
Әскери бөлімнің әскери қызметшілері Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Олар «Жауынгерлік достастық», «Туған жер қалқаны», «Батыс» және басқа да халықаралық және республикалық оқу-жаттығулар барысында өздерінің кәсіби деңгейінінің жоғары екенін бірнеше рет көрсетті. Біздің бөлімде патриотизм мен Отанға жанқиярлықпен қызмет ету дәстүрлері абыройлы іс, бұл жауынгерлік дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді, – деп атап өтті бөлім командирі.
Құрметті қонақтар шараға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Өз естеліктерімен бөлісіп, жеке құрамға жылы лебіздерін білдіріп, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Бөлімнің мерейтойына орай кітап шығарылып, деректі фильм дайындалды. Онда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының тарихындағы маңызды кезеңдерді көрсетті. 1996 жылы Қазақстанның Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың Әуе шабуылына қарсы қорғанысы әскерлерінің Туы мен бөлімнің Жауынгерлік туын тапсыруы маңызды сәт болатын.
97617 әскери бөлімінің тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарынан басталады, 1943 жылдың мамыр-маусым айларында Ростов облысының жоғарғы Тарасов станциясында Дала майданының 46-армиясында 1651-ші ӘШҚҚ армия артиллериялық полкі құрылды. 1943 жылы 25 шілдеде оған полктің Қызыл Туы берілді. Бұл күн әскери бөлімнің құрылған күні ретінде тарихта қалды.
Полктің жеке құрамы Будапешт пен Венаны азат етуге қатысты. Соғыстан кейін ол Австриядан Чехословакияға дейін марш жасады, онда Нейм-Бенешев қаласында бейбіт уақыттағы жауынгерлік оқуды бастады, 1961 жылы полк 97617 әскери бөлімі ретінде қайта құрылды.
Бөлімнің мерейтойына орай ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтегі сарбаздарға мерейтойлық медальдар табыс етілді.
Шара соңы Алматыдағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының шығармашылық ұжымы және бөлімнің әскери қызметшілері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев