Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚарулы Күштердің әскери қызметшісі Tartyl Fest гранд-финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап.
80 келіге дейінгі салмақта 30 жастан асқандар арасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 85395 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Евгений Нам чемпион атанды. Спортшы қарсыласынан бір жаттығуда 52 рет тартылып, алға шықты. Бұл оның чемпиондық атақ үшін керемет қарқынды сайысқа түскенін көрсетеді.
Белтемірде тартылу – әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығының негізгі жаттығуы. Жарыс оңай болған жоқ. Барлығы оған қарқынды дайындалған. Өз мүмкіндігіңді қажымай көрсететін мықтылығың барын түсінгенің де жақсы, – деп бөлісті Tartyl Fest гранд-финалының жеңімпазы Евгений Нам.
Жарыс ережесі бойынша жеңімпаздар үш миллион теңге, ал бірінші мен екінші орын алғандар да олжалы болды. Жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрады.
Еске сала кетейік, Астана қаласында «Tartyl Fest» республикалық турнирінің гранд-финалы өткен болатын. 27 жеңімпаз анықталды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер