Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар офицерлерді қызметке тағайындау және жоғарылату туралы бұйрықтарға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тыл жөніндегі) орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы Тыл бас басқармасының бастығы полковник Рүстем Мұратбекұлы Қалықпаев ҚР Қарулы күштері Қару-жарақ бастығы болып тағайындалды.
Полковник Талғат Серікұлы Сыздықов Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы қызметінен босатылып, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі) орынбасары – ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының Тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы болып тағайындалды.
ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының өкімінде тұрған полковник Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болып тағайындалды.
Штаб бастығы – Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери колледжі бастығының орынбасары полковник Болат Кәрімұлы Оспанбеков осы оқу орнының басшысы болды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер