7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Елордадағы әскери колледжде еліміздің бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталмыш шараға генералдар, офицерлер, сержанттар, кадеттер, ұландар, сондай-ақ ардагерлер мен басқа да қонақтар қатысты. Он жыл бұрын еліміздің ең ұлы әскери қайраткерлерінің бірі өмірден озды.
1945 жылы даңқы жер жарып, аты аңызға айналған генерал бюстінің жанына оның есімі берілген әскери колледждің бүкіл жеке құрамы сап түзеді. Батырды құрметтеуге келгендер ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Бір минут үнсіздік жарияланды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов сөз сөйледі. Ол Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің жауынгерлік жолы аңызға толы екенін, қазақ халқының батыр ұлы мемлекетке және болашақ ұрпаққа қызмет етудің, ерлік пен жауынгер абыройының, ар-намыс пен адамгершіліктің үлгісі болғанын атап өтті.
– Сағадат Нұрмағамбетов Қарулы күштерді құруға, оны қалыптастыруға және дамытуға баға жетпес үлес қосты, әскерді жаңа жетістіктерге жеткізді, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары. – Бүгін Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы, ерлігі мен табандылығы қазақстандық Отан қорғаушылар үшін ғибрат аларлық дүние. Батырдың есімі халық жадында мәңгі сақталады. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов салған даңқты жауынгерлік дәстүр жалғасады деп сенемін.
Алматы өңірлік гарнизонында Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған іс-шаралар ол тұрған үйдің жанында басталды. Оған туған-туыстары, десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының, жергілікті әскери басқару органдарының, ардагерлер ұйымдарының өкілдері және қаланың әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты. Сағадат Нұрмағамбетовтің үйінің жанына жиналғандар 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Мұнда өскелең ұрпақ үшін "Ерлік сабағы" өткізілді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?