22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖауынгерлік оқудың жаңа кезеңі басталарда мамандық бойынша дайындық өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметшілер өздерінің лауазымдық міндеттерін зерделеп, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеруді үйренді. Оның қорытындысы бойынша бақылау сабақтарында алынған білім мен дағдыларды қаншалықты меңгергені тексерілді.
Бөлімшелерді, есептоптар мен экипаждарды даярлау бөлімшелердің далалық машықтары мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Мұндай жаттығуларды іске асыру кезінде басты назар дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, қару-жарақты ұрыста шебер қолдануға және бөлімшелердің атысын басқаруға, оған қоса қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға аударылады.
Әскери қызметшілер бөлімшелер құрамында жалпы әскери ұрыстың динамикалық өзгеретін жағдайда оқу-жауынгерлік міндеттерді шешуге үйренеді. Офицерлер мен сержанттар бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіріп, іс жүзінде жауынгерлік іс-қимылды моральдық-психологиялық қамтамасыз ету қағидаттарын меңгереді.
Бір ай ішінде бөлімшелер құрамында әскери қызметшілер атыс, тактикалық, арнайы және басқа да жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді, одан бөлек әртүрлі жауынгерлік жағдайларда бөлімшелердің іс-қимыл әдіс-тәсілдерін орындау техникасын да пысықтайды.
Іс-шаралар бөлімше командирлерінің әдістемелік білімін арттыруға, жеке құраммен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін нақтылауға, тактикалық міндеттерді орындау барысында басқару алгоритмдерін пысықтауға бағытталған.
Бөлімшелерді даярлау әскери атыс полигондары мен оқу-тактикалық полигондарда бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын орындаумен аяқталады. Олар шабуылда және қорғаныста бөлімшелердің іс-қимылын көздейтін тактикалық даярлық тақырыптарының бірі бойынша жүргізілетін болады. Атыстардың кем дегенде 30%-ы түнде орындалады.
Мұндай іс-шаралар әртүрлі нысаналарға оқ ату дағдыларын игеру деңгейін, жеке құрамның бөлімше құрамында үйлесімді әрекет ету қабілетін тексеруге мүмкіндік береді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев