20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола облысының Щучинск қаласында Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының базасында әскерилендірілген кростан чемпионат аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс Қарулы Күштердің ХХ Спартакиадасы аясында өткен болатын. Оған Қарулы күштердің барлық түрлерінен, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардан 70 спортшыдан тұратын 17 команда қатысты.
Командалық есепте "алтынды" Әуе қорғанысы күштерінің спортшылары, "күмісті" Десанттық-шабуылдау әскерлері, "қоланы" 32039 әскери бөлімінің спортшылары жеңіп алды.
Ерлер арасында жеке есепте қатардағы жауынгер Руслан Бекешов чемпион атанды. Күміс жүлде 3-сыныпты сержант Жігер Нұршабаевта. Екі жауынгер де десанттық-шабуылдау әскерлерінің қызметшілері. "Қолаға" Әуе қорғанысы күштері құрамасының сапында өнер көрсеткен сержант Олжас Рашитов ие болды.
Әйелдер арасында Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі сержант Рене Леоноваға тең келер ешкім болмады. Күміс жүлдені "Астана" өңірлік қолбасшылығының спортшысы кіші сержант Людмила Губарева, қола жүлдені әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ефрейторы Данагүл Өмірзақова иеленді.
Чемпионат қорытындысы бойынша әскерилендірілген кростан Қазақстан Қарулы күштерінің құрама командасы жасақталатын болады. Қазақстандық спортшылар ТМД әскери қызметшілері арасында өтетін халықаралық жарыстарда өнер көрсетеді. Жарыс ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында өтеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?