Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістанда полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бопсалау және қаруды заңсыз сақтаумен айналысқан адамдар тобын анықтап, қызметін тоқтатты. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушылары мен маргиналды жастардан құралған 7 күдіктіні ұстады. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар, ал екеуі ағайынды болып шықты. Жедел уәкілдер ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 12 калибрлі 1 карабин, түрлі калибрлі 20-дан астам патрон, 7 дана діни әдебиет, пышақ, рация, казино чиптері және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктілердің бірінің жұмыс орны, яғни цехтың ауласына жасырылған 2 тегіс ұңғылы карабин мен 7 оқ-дәрі тәркіледі. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасуда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді