6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында кішкентай қызды ұрып-соққан әйел табылды. Жәбірленуші қыздың анасы көршісіне қарсы шағымданбайтыны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы әйелге қарызын қайтармағандықтан, ол ашумен осындай әрекетке барған.
Қыз баланың анасы ауылдасына қарсы арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызынан жауап алғызудан бас тартты.
Оқи отырыңыз:
Бұл факт ҚК 389-бабы Өзiнше билiк ету бойынша Жамбыл ауданы ББ ЕҚДБ-да тіркелген. Іс бойынша процестік шешім қабылдау үшін барлық жағдайлар анықталады. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды, – деді ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін желіде баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген бейнежазба тарады. Оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірген еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі