Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Денсаулық сақтау министрлігі биылғы қараша айында елімізде болған эпидемиологиялық жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне қарағанда, балаларға арналған 2911 орын бар, оның ішінде 139-ы реанимациялық. Елдегі аурухана төсек-орындарының шамамен 52 пайызында балалар емделіп жатыр. Ауру тез тараған өңірлерде резервтік орындар қамтамасыз етілген. Биыл 10 қарашадағы жағдай бойынша 2079 бала стационарлы тәртіпте емделіп жатыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттіне берген жауабында.
Сонымен қатар елімізде күн сайын 300-ден астам бала ауруханадан емделіп шықса, ал 400-ге жуық бала емделуге барады.
Жақында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылша өршіген облыстарды атады.
Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі. Оның ішінде, 83 пайызы – екпе алмаған балалар.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады