Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы Қарақат Әбілдина «Оян!» бағдарламасында сұхбат беріп, жаңа жылға қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барлық отбасы сияқты түгел жиналамыз, дастарханды жаямыз, кейде достармен бірге Бурабай сияқты демалыс орнына баратын кезіміз болады. Бірақ осы қыста вирус өршіп тұрғандықтан алысқа шығуды жөн көрмедік. Үйде, отбасымызбен әдемі көңіл-күймен, сыйлықтарымызды табыстап, қарсы алсақ деген ойдамыз, - деді Қарақат Әбілдина.
Әнші жаңа жылды қарсы алатын отбасылық қандай да бір дәстүр жоқ екенін атап өтті.
Балалардың көңіл күйі үшін үйге шырша орнатамыз. Бірақ әкемізге ұнамайды. Ол өте ұлтжанды кісі болғандықтан "Оған қатты мән юермеңдер, бізге тән мейрам емес" деп айтып жатады. Біз енді соншалықты армандар картасын жасап, қандай да бір дәстүр ұстанбаймыз. Бүгінгі таңда көзқарас өзгерді. Біз наурызға дайындаламыз. Өзіміздің ұлттық мерекеге көп көңіл бөлеміз. Бұл күнтізбенің ауысуы, ал негізгі жаңа жылымыз - Наурыз мерекесі деп балаларға айтамыз, - дейді әнші.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес