20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаракөл көліндегі аққуларды қолдан тамақтандыру - дұрыс емес. Бұл туралы аймақтағы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ғалымдардың пікіріне сүйеніп, жауап берді,, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін белсенді желі қолданушысы Азамат Сәрсенбаев аққуларға азық беруді және сол арқылы құстарды аман алып қалуды ұсынған еді. Ал Қазақстанның орнитологы, биология ғылымдарының кандидаты Виктория Анатольевна Ковшарь және 16 жылдан астам уақыттан бері Қаракөл көліндегі құстарды қыста зерттеп жүрген Қазақстан табиғатты қорғау қауымдастығының ғылыми директоры, биология ғылымдарының кандидаты Скляренко Сергей Львовичтың айтуынша, аққу – көлді уақытша паналап, кейін басқа жаққа қоныс аударатын құс. Сондықтан аққудың құс тұмауын жұқтыруы азықтың жетіспеушілігінен емес.
Ақтау қаласының жағалауында аққуларды нанмен тамақтандырады. Себебі нан ылғалданып, судың бетінде қалады және бұл тағамды аққулар алады. Бірақ бұлай жаппай жиі тамақтандыруға болмайды. Мұны қала тұрғындары, ең бастысы балалар ескеруі тиіс. Ал таяз, жылы, жабық Қаракөл су қоймасында қосымша органикалық заттарды енгізу бүкіл кешен үшін өте қауіпті. Сонымен қатар аққулар құрғақ дәнмен ғана емес, су астындағы өсімдіктермен қоректенеді. Азық-түліктері таусылғаннан кейін жай ғана басқа жаққа ұшып кетеді, - дейді ғалымдар.
Қаңтар айының екінші онкүндігінде орнитолог Виктория Анатольевна Ковшарь Қаракөл көліне барады. Ғылыми зерттеулер жүргізіп, қыстайтын құстарды санау жоспарланып отыр. Еске салайық, былтыр 21 желтоқсанан бастап 2024 жылдың 5 қаңтарына дейін 508 құстың өлексесі табылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?