Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағандыда тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген екі адамның қазіргі жағдайы белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, екі тұрғынның бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 1966 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 40% күйік шалған оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Ал 2008 жылы дүниеге келген қыз баланың жағдайы орташа. Басы мен аяқтары бірнеше жерінен жарақаттанған. Ауруханаға жатқызылған науқасқа консервативті ем жүргізілуде.
Еске салсақ, бүгін Қарағандыда Депутатская көшесінде орналасқан тұрғын үйде сағат 03.30 шамасында жарылыс болды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді