Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағандыда екі автобус соқтығысып, қоғамдық көлік жүргізушісі көз жұмды, 15 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін таңертең Қарағанды қаласының ДСК ауданындағы көпірде екі қоғамдық көлік соқтығысып қалған. Автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
«Жол - көлік оқиғасы салдарынан № 41 автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, 15 жолаушы мен №146 маршрут жүргізушісі медицина мекемесіне жеткізілді. Оқиға болған кезде № 41 автобус бос болды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Көлік апаты орнында жедел-тергеу тобы, ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Автобус кондукторларының бірі осыған дейін 112 қызметіне хабарласып, жолға құм себу керектігін айтқаны белгілі болды.
Қарағанды қаласы әкімдігінің мәліметінше, жолдарға құм себу таңғы алтыдан бері жүзеге асырылып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді