Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды. Оқиға 3-ші Депутатская көшесінде 18 ақпанда сағат 03.30-да болған. Жарылыс салдарынан үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген. Оның екеуі бала. ТЖД күшімен үйінді астынан ер адам (үй иесі) құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.
Нақтыланған мәліметтерге сүйенсек, тексеру барысында оқиға орнынан тұрғын үйдің №1 пәтерінде жанусыз газ-ауа қоспасының жарқырауы (жарылыс) пайда болып, тұрғын үйдің құрылыс конструкцияларын бұзылуы орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша аумағы 80 шаршы метрді құрайды.
1966 жылы туған ер адам және 2008 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына 45 адам және 13 техника жұмылдырылды.
Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде №1 пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны алдын ала анықталды. Жарылыс себептері анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді