Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағандыда жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын жасаған сақтандыру компаниясының менеджері ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қаладағы сақтандыру компанияларының бірінде жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын сататындығы туралы ақпарат түсті.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сақтандыру компанияларының бірінің 35 жастағы менеджері ұсталды. Ұсталған азаматшадан айғақ заттар, соның ішінде автокөліктердің техникалық байқаудан өткендігі туралы жалған 24 мөр басылған бланк тәркіленді, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан РФ сақтандыру компаниясы деген мөр, РФ сақтандыру компаниясының 33 бланкі, әртүрлі көліктерге қатысты 30 дана диагностикалық карта, пневматикалық тапанша және екі пышақ тәркіленді.
ҚР ҚК 385-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?