Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағандыда пәтер ұрысы қолға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағандыда пәтер ұрлығы бірден ашылды. Белгісіз біреу қала тұрғынының үйіне заңсыз кіріп, құны 490 мың теңге болатын алтын әшекейлерді жымқырған. Куәгерлер де, бейнебақылау жазбалары да болмаған, бұл тергеу барысын едәуір күрделендірді. Дегенмен, Теміржол полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіби біліктілік пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, қолға түсті. Ол - 31 жастағы Қарағанды тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында оның бұл қылмысты алдын ала жоспарлап, бөтен үйге еш қиындықсыз кіргені белгілі болды. Күдікті басқа ауданнан келіп, пәтерді нысанаға алған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде заттай дәлелдемелер алынды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді