Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағандыда үш жасар баланы өгей әкесі аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бала анасымен және оның серіктесімен бірге тұрған. Отбасында одан басқа екі үлкен бала мен 8 айлық сәби болған.Баланың соққыға жығылғаны туралы хабарлама Киров полиция бөліміне өткен жылдың шілде айында түскен. Анасының мас болған жолдасы 3 жастағы баланың басынан күрекпен бірнеше рет ұрған. Мұны көрген көршілер жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем келген кезде баланың басы мен мұрнынан қан кеткен. Белгілі болғандай анасы да араққа сылқия тойып алған.
Дәрігерлер баланың дұрыс тамақтанбай келгенін, дамуы тежелгенін анықтаған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші 3 жасар бала «Шапағат» балалар үйіне, ал үлкен балалары «Таңшолпан» отбасын қолдау орталығына жіберілді. Осы оқиғадан анасы балаларына мүлде келмеген, олардың жағдайын білмеген.
Анасына қатысты Кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Сот отырысында анасының немқұрайлы әрекеті нәтижесінде өгей әкенің қатыгездік көрсету фактісі дәлелденді. Сот анасының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген балалардың құқықтарын қорғау шараларын қолданбағанын, сондай-ақ олардың толыққанды дамуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етпеген кінәсін анықтады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді