Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарқаралыдағы балабақша есепшісі мүгедек қызын емдеу үшін 24 миллион теңгені қолды еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Astanatv телеарнасының хабарлауынша, бұл фактіні Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің тергеушілері анықтады. Тергеушілердің айтуынша, әйел екі жыл бойы өз есепшотына ақша аударған. Сот отырысында ол мүгедек қызының қамы үшін қылмыс жасағанын мойындады.
Сотталушының алты жасар қызы аутизммен ауырады. Оған үнемі қымбат медицина кеңесі мен дәрі-дәрмектер қажет. Сот бұл мән-жайды назарға алды.
Есепші 5 жылға шартты түрде сотталып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел жазасын қызы 11 жасқа толғанда өтей бастайды деген сөз. Ол ұрланған ақшаны да қайтаруы керек, - делінген хабарламада.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?