10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚарағандыда мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға 39 жастағы анадан арыз түскен. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама таратынын айтқан.
Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады. Күдікті оқушының 15 жастағы сыныптасы екені белгілі болды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтқан.
Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді