22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚарағанды қаласында көпқабатты үйде газ жарылды, деп хабарлайды El.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерінде жарылыс салдарынан болған.
Өкінішке қарай, қайғылы жағдай орын алған пәтерден үш адамның мәйіті табылды.
Тексеру жүргізу кезінде үш адамның (екі ер адам мен бір әйел) мәйіті табылды. ТЖД күшімен подъездегі пәтерлерден 11 адам, оның ішінде, екі бала құтқарылды, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде сыртқы белгілері бойынша 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқан.
Құтқарушылар кіреберістегі пәтерлерден адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізуде. Кіреберісті қою түтін басқан.
ТЖ болған аймаққа облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев барды. Ол өртті ауыздықтау жұмыстары аяқталған соң тұрғынүй электрмен жабдықталады деп отыр. Сондай-ақ мұқтаж тұрғындар үшін қонақүйден 35 орын дайындалғаны айтылды.
Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының жалпы саны жеке құрамнан 50 адам мен 12 бірлік техника жұмыс жүргізуде.
Тұрғындарды жылыту үшін Қарағанды облысы ТЖ департаментінің үш вахталық автобусы бара жатыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев