Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚарағанды полицейлері халықаралық іздеуде жүрген ұрыны ұстады. 33 жастағы азамат еліміздің бірнеше қаласында ұрлық жасады деген күдікке ілінген, деп деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні криминалдық полиция және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен құрықтады. Ұсталған азамат Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу кезінде жас жігіт Қарағанды қаласында жасаған үш қылмысын мойындаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс