Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағанды облысында боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты барлық республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының қолайсыздығынан жол қозғалысының шектелуіне байланысты Қарағанды – Астана бағытында шамамен 500 автокөлік, ал Қарағанды – Балқаш тасжолында 50-ден астам көлік құралы жолда қалып отыр.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Автожолдардың негізгі учаскелерінде патрульдік полиция нарядтарының саны артты.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автоколонналарды ұйымдасқан түрде алып жүруде. Мәселен, Теміртау терминалынан Ақмола облысының шекарасына дейін 500-ге жуық көлік қауіпсіз түрде жеткізілді. Көлік калоннасын алып жүрер алдында патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов жүргізушілерге нұсқама жүргізіп, олардың жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды ескертті,-делінген ведомство мәліметінде.
Осы ретте облыстық ПД жүргізушілерге сапарға шығудан уақытша бас тартып, ауа райының жақсаруын күтуді және жолдардың жағдайы туралы жаңартылған ақпаратты мұқият қадағалауды ұсынады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?