Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚала шетіндегі жылу желісіне КАМАЗ жүк көлігі соқтығысып, құбырлар зақымданған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Апат таңғы сағат 5.30-да Қарағанды қаласында Гоголь көшесі мен Спасск тасжолының қиылысында болған. Белгілі болғандай, кузовы көтерілген КАМАЗ компенсатормен соқтығысқан.
Салдарынан қаланың бірнеше көшесінде жылу беру азайтылды.
«Теплотранзит» ЖШС бригадасы шұғыл түрде 1000 мм диаметрлі құбыржолынан ақау тапқан. Бұл ақауды жою үшін қалада бірнеше көшенің үйлері төмендетілген жылу беру режиміне ауыстырылады.
«ПИК және ЖС жеке секторының тұтынушылары, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың нашарлау аймағына түсетін тұрғын үйлердің жылу шаруашылығына жауапты адамдар жеткізуші жылу желілерінің, үйішілік жылу желілерінің жай-күйін қадағалап, диспетчерлік жөндеу қызметінің өкілімен тұрақты байланыста болуы қажет. Телефон: 56-51-05, олардың ұсыным-нұсқауларын қатаң орындау керек»,- деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?