Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағанды облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Бағдарлама аясында облыстық ТЖД жаңадан құрылып жатқан өрт сөндіру бекеттерін жабдықтау мақсатында ауылдық округтердің әкімдеріне салтанатты түрде 9 бірлік өрт сөндіру техникасын табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, қосымша 11 техникаға бояу және қосымша жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
2024–2027 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес, тек биылдың өзінде Қарағанды облысында ауылдық елді мекендерде 9 жаңа өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланған. Бұл шаралар өрт қауіпсіздігі деңгейін айтарлықтай арттыруға, төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын қысқартуға және шалғай елді мекендер тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?