Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағандыда полиция мен төтенше қызмет өкілдері дер кезінде әрекет етіп, тұрғын үйде орын алуы мүмкін ауыр оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
“102” арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, ұлының өзін-өзі өртеуге оқталғанын жеткізген.
Алдын ала мәлімет бойынша, 40 жастағы ер адам әкесімен жанжалдан кейін бес қабатты үйдің екінші қабатындағы балконға шығып, қолында бензин құйылған бөтелкемен өзін де, пәтерді де өртейтінін мәлімдеген. Оқиға орнына жедел жеткен полиция мен құтқарушылар аумақты қоршауға алып, подъездегі шамамен 40 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Алкогольдік мас күйіндегі азамат құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбай, балағат сөздер айтып, келіссөздерден бас тартқан. Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров оны берілуге бір сағаттан астам үгіттегенімен, нәтиже болмады. Жағдайдың ушығуына байланысты оқиға орынына жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері шақырылды.
Жүргізілген операция барысында арнай жасақ жауынгері үшінші қабат балконы арқылы пәтерге кіріп, өрт қоюға жол бермей, азаматты залалсыздандырды. Қазіргі таңда ол психоневрологиялық диспансерге орналастырылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?